Заң • Кеше

Әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам кінәсін мойындады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамға қатысты сот отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам кінәсін мойындады

Жәбірленуші Ботагөз Мұхтарова сол күні тексеру қызметінің инспекторы ретінде жұмысқа шыққан. 

Ал тексеру бекетіне келген айыпталушы М.Баратовтан жеке куәлігі мен ұшаққа отырғызу талонын сұрағанда, ол «үш минуттан соң әуежайды жарып жіберемін» деп қорқытқанын айтты. 

Өзінің жедел әрекетімен әуежай қызметкерін құтқарған Мұса Әбдірайым да оқиғаны жіті баяндап берді. 

М.Баратов пышақты алып шыққанын мойындады. Десе де ол «әуежайды жарып жіберемін» деген сөзін неліктен айтқанын түсіндіре алмады. Ол соңғы сөзінде кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұраған. 

Прокурор Алмас Бертаев сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ бейнежазбалар арқылы толық дәлелденгенін баяндап, оған мына мерзімге жаза тағайындауды сұрады: 

«Кепілге алу» бабы бойынша — 8 жыл;
«Қару қолдану арқылы бұзақылық» бабы бойынша — 4 жыл 8 ай;
«Террористік акт туралы көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша — 2 жыл 6 ай;
Жазаларды жинақтап, ақырғы жаза ретінде 10 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды ұсынды.

Сот үкімі 16 шілде күні сағат 16:00-де жарияланды.